Әлеуметтік желіде жастардың басқосуы кезіндегі бойжеткеннің биі көпшіліктің талқысына түсті деп хабарлайды Paryz.kz, Turkystan.kz-ке сілтеме жасап.
Бейнежазбадан асаба ұйымдастырған би жарысы кезінде қыздың жерге қолын тіреп, бөксесін қимылдатып билеп, оны тамашалап отырған жігіттердің осы көрініске «мәз» болып, қол шапалақтаған сәтін көруге болады. Көпшіліктің пікірінше, мұндай би қазақ қыздарына тән емес.
«Адамнан ар кеткен», «Арсыз, осындай албастылардың шашын жұлу керек! Надан болып бара жатыр ма кыздар?», «Қалайша бір адам шығып, қой демейді?», «Ішіне жын кіріп кеткен» дегендей пікірлер жазып жатыр олар.