Атырауда 150 адам Хэллоуин тойлаған (ВИДЕО)

Барға жиналған адамдарды тарқатып, нысан жұмысын тоқтатуға полиция араласқан.

Атырау облысы Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментінің хабарлауынша, 1 қарашаның түнінде қаладағы "Бармаглот" барында 150-ге жуық адам Хэллоуин тойлаған. Бұл туралы mgorod.kz хабарлады. 

"Жұмыс уақыты түнгі сағат 22:00-де аяқталуы тиіс ойын-сауық мекемеcі одан кейінгі уақытта да жұмысын жалғастырған. Көпшілігі жеке қорғаныс құралдарынсыз және арақашықтықты сақтамаған. Келушілер көңіл көтеріп, билеген. Бар әкімшілігі санитарлық-эпидемиологиялық талаптарды бұзды", - делінген хабарламада.

Барға жиналған адамдарды тарқатып, нысан жұмысын тоқтатуға полиция араласқан.

"Тәртіп сақшылары жиналған материал мен жасалған хаттаманы бізге жібереді, соның негізінде процессуалдық шешім қабылдаймыз. Бар иесіне 230-дан 1600 АЕК (4,4 млн теңгеге дейін – ред.) мөлшерінде айыппұл салынуы мүмкін", - делінген ақпаратта.