Прямая трансляция

Астана

Астана

-6.03°C

«Қызыл жазу шықты» - Жамбыл облысының тұрғындары бомба тапты

Түймекент ауылының тұрғыны құмды алқаптан қауіпті қару тауып алғанын айтып, полицияға хабарлаған. Ұзындығы екі жарым метрлік жойқын жарылғыш зат әскери әуе күштерінің жарылмай қалып кеткен қаруы болып шықты, деп хабарлайды Paryz.kz, Halyq-uni.kz-ке сілтеме жасап. 

«Қызыл жазу шықты» - Жамбыл облысының тұрғындары бомба тапты
Сурет:ашық дереккөз

«Ағаларымызбен бірге темір іздеуші құрылғымен осы снарядты тауып алдық. Басын жыртылай қазған кезде «детонация қосылған» деген қызыл жазу шықты. Содан ары қарай қазуға сескеніп, полиция қызметкерлеріне хабарладық. Олар осында келіп, қазып алды», - дейді Түймекент ауылының тұрғыны.

Ал, оқиға орны саналатын жер ескі әскери полигон болып шықты. Жарылғыш зат жатқан жерге жедел жеткен күштік құрылымдар снарядтың «ФАБ 500м-62» маркалы, ұшақтан тасталатын бомба екенін айтып отыр. 

«Жерге жартылай көмілген авиациялық бомбаның салмағы жарты тонна. 1962 жылы шығарылған снаряд жарылған жағдайда радиусы 200 метр жерді алып кетер еді. Оны саперлар асқан ұқыптылықпен арнайы техникаға артып, қауіпсіз аймаққа алып кетті. Жарылғыш зат жайлы хабарлаған тұрғынды марапатқа ұсынып жатырмыз», - дейді Жамбыл облыстық Полиция департаментінің баспасөз хатшысы Гүлсара Мұхтарқұлова.