Прямая трансляция

Астана

Астана

-5.03°C

Қарағандылық алаяқ бір адамның атына үш бірдей несие ресімдеген

Алаяқ алғашында жәбірленушінің атына 30 мың, кейін 25 мың, ал үшінші рет 20 мың теңге несие ресімдеген. 

Қарағандылық алаяқ бір адамның атына үш бірдей несие ресімдеген
Фото: дереккөз

Қарағандылық тұрғынның атынан үш шағын несие ресімдеген алаяқ ұсталды деп хабарлайды paryz.kz, Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

31 қазан күні Қарағанды қалалық Полиция басқармасына қарасты Оңтүстік-шығыс полиция бөліміне 24 жастағы азамат хабарласып, белгісіз біреудің оның жеке деректерін пайдаланып, өзіне үш шағын несие ресімдегені туралы арызданған. Алаяқ алғашында жәбірленушінің атына 30 мың, кейін 25 мың, ал үшінші рет 20 мың теңге несие ресімдеген. Келтірілген шығын көлемі 75 мың теңгені құрады.

Қарағанды қалалық Полиция басқармасы криминалдық полиция бөлімінің қызметкерлері жүргізген жедел-іздестіру іс-шаралары барысында осы іске қатысы бар 22 жастағы азаматты ұстады. Ол қылмыстарын толық мойындады. Бұл фактілер бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 190-бабына (Алаяқтық) сәйкес тергеу амалдары жүргізілуде.