Ұлттық ұлан қызметкерін ұрып жіберген (ВИДЕО)

Оларды ұстау кезінде арнайы құралдар қолданылды. 

Павлодарда екі ер адам әскери қызметкерді балағаттап, жұдырық жұмсаған деп хабарлады paryz.kz

Павлодар қалалық ПД баспасөз қызметінің мәліметіне қарағанда, екі ер адам кезекшіліктегі әскери бөлімінің әскери қызметшісін балағаттап, ақыр соңы ұрған.

"№5512 әскери бөлімінің әскери қызметкерлері қоғамдық тәртіпті күзету үшін кезекшілікті қабылдап алған. Кешкі сағат 19.15-те Қайырбаев көшесі, 104 үй маңында патрульдеу кезінде олардың жанынан өтіп бара жатқан екі ер адам өздерін агрессивті ұстап, оларды балағаттаған. Әскери қызметкерлер бұл адамдарға қоғамдық тәртіпті бұзғанын айтып, жергілікті полиция бөліміне баруды сұрайды. Әрине, ер адамдар қарсылық білдіріп, одан бас тартқан. Жанжал кезінде олар әскери қызметкерлердің біріне дене жарақатын келтірген. Оларды ұстау кезінде арнайы құралдар қолданылды", - делінген хабарламада.