Прямая трансляция

Астана

Астана

-7.03°C

Белгілі блогер «Қазақстан халқына» қорының басшысына наразы

Журналист, экономист Дәулет Төлеутайұлы Instagram-дағы парақшасында «Орташа жалақымыз 587 000 теңге» деген «Қазақстан халқына» қорының басшысы Болат Жәмішевке наразылығын білдірді, деп хабарлайды Paryz.kz, Turkystan.kz-ке сілтеме жасап. 

Белгілі блогер «Қазақстан халқына» қорының басшысына наразы
Сурет: Inbusiness.kz

Оның айтуынша, «Қазақстан халқына» қорының ресми құрылғанына бір ай уақыт өтсе де, нақты Қазақстан халқына көрсетілген бірде – бір көмекті байқамаған екен.

«Есесіне, «Біз министрлік қасында отырмыз, сол себепті орташа жалақымыз 587 000 теңге, әрі бұл тым көп көрінуі мүмкін, бірақ біз айлықтан басқа премия да алмаймыз» деп отырсыз.. Қор басшысы Болат Жәмішев «Zoom» арқылы өткізген бірнеше жиналысқа қатыстым. Барлығы орыс тілінде сайрап отыр. Үш, төрт адам қазақша сөйлеп отыр. Білесіз бе, менің дайрегім көмек беріңізші деп еміне ақша сұрағандардың хатына толды.  Ватсапқа да күн сайын хаттар келуде. Қаншама ата-ана баласын емдегісі келіп шыр-пыр болып жүр. Президент биыл «Балалар жылы» деді, бірақ сөз жүзінде қалып отыр. Қаншама белсенді, блогерлер күні-түні тікелей эфирге шығып, ауырған балаларға ақша жинап, жаңа Қазақстанның онлайн садақа сұраушыларына айналып баражатырмыз. Әйтеуір қарапайым халық болып бір жыртығымызды жамап жатсақ, бір жеріміз жыртылып жатады. «Қазақстан халқына» қорына олигархтар мен бай компаниялар ақша аударуы керек деген-ді. Бүгінде жиналған ақша:120 000 000 000 ( 120 миллиард). Бірақ, бұл ақшадан сіздердің айлықтарыңыз бен жалға алған ғимараттың ақысы ғана төленіп жатыр. Қарапайым халыққа нақты көмек қашан болады?»,- деп жазды журналист Дәулет Төлеутайұлы.