Прямая трансляция

Астана

Астана

-9.03°C

«Үтік — наразылық символы»: Азапталғандарды қолдау акциялары желіде таралуда

Журналист Аян Қалмұрат Facebook-тегі парақшасында ел тұрғындарының киімдеріне үтік басып көшеде жүрген фотосын жариялады хабарлайды Paryz.kzturkystan.kz-ке сілтеме жасап. 

«Үтік — наразылық символы»: Азапталғандарды қолдау акциялары желіде таралуда
Сурет: Turkystan.kz

Оның айтуынша, Қаңтар оқиғасынан соң ұсталған оқушылар мен студенттерді тергеу кезінде арқасын күйдіріп азаптаған екен.

«Бүгін желіде киімінің артын үтікпен күйдірген бірнеше адамды көрдім. Осылайша азапталғандарға қолдау ретінде үнсіз қарсылық басталыпты. «#АзаптауғаҚарсымын» деген хэштегпен тарап жатыр», – дейді ол.

 

Жылдар бойы бізді үтіктеп келді. Көнбейтін, қыр көрсеткендерді басып. Үтік басу бір адамды жазалау, азаптау емес. Ол — бәрімізге батқан, бәріміз сезінген жан жарасы. Киімімдегі үтік ізі жай із емес. Бұл арқылы азаптауға қарсылығымды білдіремін. Азаптаушылар жазаланбайынша өзімнің де өзгенің де есіне сала бермек - дейді журналист Бэлла Орынбетова.