Әлеуметтік желіде Алматы қаласының әкімі Ерболат Досаевтың қымбат күртешесі талқыланып жатыр деп хабарлайды Paryz.kz.
Көпшіліктің айтуынша, әкімнің кәсіпкер Бейбіт Әлібековпен кездесуінде киген «Loro Piana» фирмасының жүннен тоқылған күртешесі «Цум» сауда үйінде 2 248 804 теңге тұрады екен. Киімнің бағасын көрген көпшілік әкімді сынға алды.
«Ол миллионер, оған жарасады», «Қалайша айлықтан айлыққа күн көріп жатырмыз деп айтады?», «Менің бір жылдық жалақымнан көп қой», «Масқара», «Біреудің ақшасын санамаңдар» деп жазды көпшілік.