Прямая трансляция

Астана

Астана

-7.03°C

Мектептерде оқу жылы ұзартылуы мүмкін бе?

Өткен аптада белгілі кәсіпкер Айдын Рахымбаев Үкімет Binom мектептері биылдан бастап пилоттық режимде 38 аптаға дейін оқу туралы ұсынысын қабылдады деп жазған болатын. Оның айтуынша, еліміздегі білім деңгейі алдыңғы қатардағы мемлекеттерден төмен болуының бір себебі - оқу жылындағы демалыстың ұзақтығымен байланысты, деп хабарлайды Paryz.kz, Halyk-uni.kz-ке сілтеме жасап. 

Мектептерде оқу жылы ұзартылуы мүмкін бе?
Сурет: Egemen.kz

Мысалы, корейдің баласы 42 апта оқыса, біздегілер тек 34 апта оқиды. Яғни, Қазақстандағы он бірінші сыныптың оқушысының білім деңгейі корейдің тоғызыншы сыныптағы баласымен тең. Оған қоса, олар мектепте тыс 70 күн, ал қазақтандық балалар 120 күн демалады. Америкалық мамандардың зерттеуі бойынша, ұзақ уақыт демалған бала оқыған материалының төрттен бірін ұмытып қалады, - деп жазды ол.

Айдын Рахымбаев Binom мектептерінде оқу жылын 38 аптаға дейін ұзартуды ұсынғанын сүйіншілеп, мектепке дейінгі сыныптар ашылатынын жазды. Тіпті, Үкімет бұл бастамасын қолдап, Binom мектептерінде пилотты түрде енгізуді тапсырған. Рахымбаев бұл бастамасын ата-аналар да қолдайды деген үмітте.

Ал, Білім және ғылым министрлігі Рахымбаев айтқан реформаны әзірге құптамағанын мәлімдеді.

Осыған дейін 2021 жылғы тамыз кеңесінің қорытындысы бойынша министрлік Ы. Алтынсарин атындағы ұлттық білім беру академиясына оқушылардың жүктемесін азайту шараларына қатысты, тиімді оқу жылының ұзақтығын анықтау, білім беру ұйымдарында еңбекақы төлеудің сағаттық жүйесі мен жалақының артықшылықтарын, үлгілік оқу бағдарламаларын жаңарту жөнінде бірқатар зерттеулер жүргізуді тапсырған болатын, - деп жауап берді министрліктің баспасөз қызметінен.

Ведомствоның жауабынша, оқу жылын ұзарту мәселесі бойынша нақты шешім қабылдау және пилоттық режимде енгізу үшін әлі зерттеуді аяқтау керек.

Сонымен қатар, сарапшы аталған стандартта оқу мерзіміне қойылатын талаптар да жазылғанын еске салды. Мәселен, оқу жылының ұзақтығы 1-сыныпта 32 апта, 2-4 сыныптарда 34 апта. 97-тармақ негізгі мектептегі ұзақтығы 34 апта, ал 100-тармақта 10-11 сыныптардағы ұзақтығы 34 апта деп көрсетілген.

Эксперимент түрінде Binom мектептері мұндай практикаға келісер. Тіпті, тәжірибе ретінде бастап кетер. Бірақ бұл жерде балалардың құқығы қаншалықты сақталады деген сұрақ туындайды. Өйткені жалпы мектептерде оқитын балалар 25 мамырда оқу жылын аяқтайды, ал Binom мектептеріндегі оқушылар ол кезде сабақта жүреді. Осы жерде балалардың құқығы сақталады ма, сақталмай ма деген сұрақ туындайды. Мәселен, НЗМ бағдарламалары жалпы мектептің бағдарламасынан тіпті күрделі. Бірақ соған қарамастан НЗМ өзінің күрделі тереңдетілген-бейінді бағдарламасымен балалар мен МЖМБС құқықтарын бұзбағанын атап өткен жөн, - дейді сарапшы.

Алайда, Гүлнәра Әбішева кәсіпкердің кей пікірімен келісетінін мойындады. Оның айтуынша, оқушылар жазда 120 күн демалып, алған білімінің 20-30% келесі сыныпқа барғанша ұмытып қалады. Сондықтан, жазғы демалыс күндерін басқа каникулдардың уақытын ұзарту арқылы қысқартуға болады деп есептейді.

Бізде күзгі демалыс 7 күн, қыста-11 күн, көктемде - 12 күн. Іс жүзінде әрдайым қыста ауа-райы жағдайлары мен балалардың жиі ауырып қалуына байланысты сабақ болмай қалатын кездер болады. Балалардың қысқы демалысы 11 қаңтарға дейін. Менің ойымша, қысқы демалысты қаңтар айының соңына дейін ұзартуға болады деп санаймын. Күзгі және көктемгі демалыстарға да күндер қосылса дұрыс болар еді. Содан кейін жазда 2 ай демалыс жетеді. Мүмкін демалыс уақытын осындай біркелкі бөлінуі біздің балаларымыздың физикалық және эмоционалдық денсаулығына жағымды әсер етер. Әрі осылай бөліп беретін болсақ, ешқандай стандартты өзгертуге қажеттілік болмайды, - деп қосты Білім сарапшыларының қазақ лигасының басшысы.