Белгілі ақын Светқали Нұржан «Қасқа жол» Youtube арнасына берген сұхбатында 2001 жылы Қазақстан жерлерін шетелге жалға беру мәселелерін талқылау кезінде жазушы Әбіш Кекілбаевтың Нұрсұлтан Назарбаевқа айтқан сөзін еске түсірді.
Айналамызда әр түрлі елдер бар, түрлі мүдделер бар. Бізге кім қалай қарайды, оны да ескермесек болмайды» деп сөйледі Назарбаев. Сонда Әбіш Кекілбаев «Нұреке, бізге кім қалай қарайды деп отыратын сұлу қатын емеспіз. Сіз бен біздің ертеңгі келетін ұрпақ бізге қалай қарайды деген жалғыз қайғы болуы керек!" деді. Бейнежазбалар толық жойылып кетпесе бұл сөздер кейін де шығады, - деп еске алады Светқали Нұржан.
С.Нұржан Кекілбаевтың Елбасының қолынан сүйген сәтін де еске алды.
Кекілбаев менің қолымнан да10 шақты рет сүйген. Маған жағынып сүйген ештеңесі жоқ. Кез келген ене көкірек үлкен кісілердің әдеті бұл. Маңғыстауда әлі күнге шалдар ықыласы құлаған, үміт еткен адамдардың қолынан сүйеді. Сол оқиға орын алған жиында мен де болдым. Ешқандай ерсілік көрінген жоқ. Жиында Елбасының өзі де жүрекжарды сөз айтқан, - дейді ақын.