Қандай бағыттарға пойыз билеттері жеңілдікпен сатылады?

Жолаушылар 2022 жылдың ақпан айының соңына дейін «Тальго» коммерциялық пойыздарына жеңілдікпен билет ала алады деп хабарлайды Paryz.kz «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Қандай бағыттарға пойыз билеттері жеңілдікпен сатылады?
Сурет: Turkystan.kz

28-ден 51 пайызға дейінгі жеңілдікпен осы айдың соңына дейін мына бағыттар бойынша билет алуға мүмкіндік бар:

1) № 29/30 «Алматы 2 – Атырау» 35 пайыз дейін;
2) № 51/52 «Алматы 2 – Нұр-Сұлтан 1-Орал» 28 пайыз дейін;
3) № 69/70 «Алматы – Өскемен 1» 51 пайыз дейін;
4) № 111/112 «Алматы 2 – Маңғыстау» 43 пайыз дейін;
5) № 105/106 «Алматы 2 – Петропавл» 46 пайыз дейін;
6) № 711/712 «Нұр-Сұлтан Нұрлы Жол – Шымкент» 43 пайыз дейін.

Жолаушылар пойыздарының қозғалыс кестесі бойынша анықтамалық ақпаратты «1433» нөмірі бойынша және Bilet.railways.kz сайтынан алуға болады.

Айта кетейік, 1 ақпаннан бастап пилоттық режимде әйелдер вагоны тағы алты жолаушылар пойызында іске қосылды.