Канада елшісі «Шымбұлақтан» алған әсерін қазақша жеткізді

Канаданың Қазақстандағы елшісі Алан Хамсон Шымбұлақта шаңғы теуіп, алған әсерін қазақ тілінде жеткізді, деп хабарлайды Paryz.kz, Nur.kz-ке сілтеме жасап. 

Канада елшісі «Шымбұлақтан» алған әсерін қазақша жеткізді
Сурет: Nur.kz

Ол өзінің шаңғы тепкен сәтін әлеуметтік желідегі парақшасына жүктеп, өзінің әсерін қазақ тілінде жеткізген.

Бұл жер өте әдемі. Қатты қар жауып тұр. Отыз жылдан бері алғаш рет шаңғы тебемін. Маған сәттілік тілеңіздер, - деді Алан.

Елшінің айтуынша, ол бала күнінде тау шаңғысын меңгерген. Алайда, ұзақ жылдар бойы шаңғы тебуден алыстап кетеді. Десе де, ол өзінің шаңғымен сырғанау дағдысы тауда көмектесетінін айтады. Алан Хамсонның қазақ тілінде сөйлегені көпшіліктің көңілінен шығып, желі қолданушылары тілге көрсеткен құрметі үшін алғыс айтты. Алан Қазақстаннан бөлек, Канаданың Тәжікстан мен Қырғызстандағы елшісі қызметін де атқарады.