Прямая трансляция

Астана

Астана

-10.03°C

Қаңтардың қанды аптасы: Әйелдер зорланғандарын енді айтып жатыр

Алматыдағы тәртіпсіздіктерден кейін 40 күн өткен соң жаңа деректер анықтала бастады. Қала тұрғындары қаңтардың қанды аптасын күрсініспен еске алып жатыр деп хабарлайды Paryz.kzturkystan.kz-ке сілтеме жасап. 

Қаңтардың қанды аптасы: Әйелдер зорланғандарын енді айтып жатыр
Сурет: Turkystan.kz

Сол күндері қорланған әйелдер құқық қорғаушыларға жағдайларын айтып енді келіп жатыр.

Осылайша, бұрын белгісіз болған фактілер нақтыланып келеді. «Ақиқат» қоғамдық комиссиясының қаңтар айындағы оқиғаларды тергеу жөніндегі жетекшісі Айман Омарова әйелдердің бірінің сол күні топтық зорлауға түсіп қалғанын айтып берді.

«Бірақ ол арыз жазғысы келмейді, ал мен адамды арыз жазуға мәжбүрлей алмаймын. Сол күні топтық зорлау болды. Олар оны сүйреп зорлады. Оның шок алғаны соншалықты, «Тани аласың ба?» дегенде, «Бірін ғана, қалғандарын жоқ» дейді», – деді Айман Омарова.