Прямая трансляция

Астана

Астана

-6.03°C

Қайырымдылығымен танылған Сәниям 2 млн теңге ұтып алды

Жақында сегіз зейнеткер мен жарымжанды өз қамқорлығына алып, бағып-қағып отырған Алматы облысының тұрғыны Сәниям Мұхамедсадықованың оқиғасы көпшілікке үлгі болды, деп хабарлайды Paryz.kz, Stan.kz-ке сілтеме жасап. 

Қайырымдылығымен танылған Сәниям 2 млн теңге ұтып алды
Сурет: Stan.kz

Екі ұлдың ардақты анасы, аяулы жар Сәниям Мұхамедсадықова отбасымен бірге Шамалған маңындағы "Мерей" саяжайында тұрады. Ол ұядай ғана үйде өмір сүріп жатқанына қарамастан, тағдырдың тәлкегіне түсіп, туған-туыстарының қамқорлығынсыз қалған сегіз қария мен мүгедек жанды өз қарауына алыпты. Өйткені жастайынан интернатта өскен Сәниям жанашырлық пен мейірім сезімімен қоса жүрек қалауымен көмектесу керек екенін жақсы түсінеді.

"Қамқорлығына алғандардың бесеуі 45-50 мың теңге көлемінде мүгедектікке берілетін зейнетақы алады. Бұл ақшаға әйел көмір, азық-түлік (күріш, ұн, картоп, қант, шай, май), темекі, дәрі-дәрмек пен сал ауруына шалдыққандарға жөргек сатып алады", – деп жазады Александр Цой.

Ең қызығы, Сәниям былтыр күзде күтпеген жерден олжаға кенелген: ол "Сәтті Жұлдыздың" “Alga, Qazaqstan” лотереясына қатысып, 2 миллион теңге ұтысқа ие болған. Айына бір рет лотереяға қатысатын әйел алғашында бұған тіпті сене алмай бірнеше күн жүрген. 

Расымен де, мұндай сезім лотереяда жеңіске жеткен әрбір адамға тән көрінеді. 

Сәниям жеңіп алған екі миллион теңгені үйдің жөндеу жұмыстары, қысқа отын-көмір мен азық-түлік алуға жұмсаған. Сонымен бірге ол үйінің жанындағы вагон тіркемесін қонысқа ыңғайлы ету үшін онда жылу жүргізіп, жөндеу жұмыстарын қолға алған. Енді әйел мен оның отбасы мұқтаж күйге түскен барлық ата-әжелерге арналған ортақ үй салғысы келеді. Мұндай игі бастамаға олар барша қазақстандықтар ат салысады деген үмітте. 

Тағы оқи отырыңыздар: "Көңіл сыйса, бәрі сыйады": Алматылық Сәниямның барлық мұқтаж жандарға көмектескісі келеді