Прямая трансляция

Астана

Астана

-7.03°C

Елордада сатылған жатақхананың иесі тұрғындарды күшпен кетіруде

Нұр-Сұлтанда 100-ге жуық отбасы қала әкімдігінен көмек сұрады. Олар бірнеше жыл бойы жалға алып келген жатақхана сатылып кеткен. Енді қыс ортасында олар қайда көшерін білмей отыр, деп хабарлайды Paryz.kz, Turkystan.kz-ке сілтеме жасап.

Елордада сатылған жатақхананың иесі тұрғындарды күшпен кетіруде
Сурет: Turkystan.kz

Тұрғындардың айтуынша, жатақхана сатылатынын олар алдын ала білмеген. Ол жерде ұзақ уақыттан бері бөлме жалдап келе жатқандары балаларын жақын мектепке орналастырып, тіпті балабақшадағы көптен күткен кезектері де жақындаған.

«Дала аяз. Сондықтан бізге мамырдың аяғына дейін, балалардың оқуы біткенше осы жерде тұруға рұқсат етсе, жаз шыға жатақхананы босатып берер едік», – дейді жатақхана тұрғыны Құрмангүл Оразымбетова.

Жатақхана иесі енді күшпен кетіруге көшті деген тағы бір тұрғын Гүлқайша Бисекеева аядай бір бөлмені 75 мың теңгеге жалдап отырғанын айтады. «Баратын жер болса, осындай жерде тұрамыз ба?» дейді ол.

Жылу мен судың өшуін техникалық ақауларға байланысты болған жайсыздықтар деп түсіндірген жатақхана әкімшісі Рауан Рахиянов нысанның жекеменшіктен мемлекет құзырына өткенін айтты.

«Біз шарт бойынша нысанды 1-іне дейін тапсыруымыз керек. Әрі қарай жаңа иесі жөндеу жұмысын жүргізе ме, әлде басқа нәрсе жасай ма, білмеймін», – дейді ол.

Нұр-Сұлтан қаласы Алматы ауданы әкімдігінің бас инспекторы Нұрман Абдраимов қандай жағдай болса да тұрғындардың далада қалмайтынын уәде етті.

«Толықтай ақпаратты жатақхана иесінен білмейінше, оның шешімі қандай болатынын айта алмаймын. Бірақ осында тұрған халыққа жақын арадағы жатақханалармен сөйлесіп, ешқайсысын көшеде қалдырмауға әрекет етеміз», – дейді ол.