Прямая трансляция

Астана

Астана

-4.03°C

Вакцина паспортына қатысты жаңа қаулы шықты

Қазақстанның бас санитар дәрігерінің міндетін атқарушының ел аумағында жарамды шетелдік вакцина паспорттарының тізімі белгіленген қаулысы шықты, деп хабарлайды Paryz.kz, Halyk-uni.kz-ке сілтеме жасап. 

Вакцина паспортына қатысты жаңа қаулы шықты
Сурет: Inform.kz

Қаулыда вакцина паспорты мен сертификаты Қазақстан аумағында жарамды деп танылған 35 мемлекеттің тізімі көрсетілген.

Вакцина паспорты жарамды 35 елдің қатарына мына мемлекеттер кірді: Аргентина, Белиз, Боливия, Ұлыбритания, Мажарстан, Грузия, Индонезия, Иран, Иордания, Канадада, Қырғызстан, Мальдив, Моңғолия, Армения, Беларусь, Молдова, Перу, Сан-Марино, Сербия, Тунис, Үндістан, Филиппин, Таиланд, Түркия, Черногория, Чехия, Шри-Ланка, Эквадор, Эстония және Жапонияда берілген коронавирус инфекциясына қарсы вакцина паспорттары/ сертификаттары/анықтамалары Қазақстан аумағында жарамды деп танылды.