11.02.2022, 15:09

Қазақстандықтар енді үй жануарларын тіркеулері керек

Сурет: baq.kz

Орталық коммуникациялар қызметі алаңында Экология, геология және табиғи ресурстар вице-министрі Әлия Шалабекова 2023 жылдың 1 қыркүйегінен бастап жануарлардың иелері үй жануарларын тіркеуі керек екенін айтты, деп хабарлайды Paryz.kz, Baq.kz-ке сілтеме жасап. 

 

Заң ережелерін іске асыру үшін қазіргі уақытта біздің министрлік қоғам талқысынан және құзыретті мемлекеттік органдармен келісу рәсімдерінен өтетін нормативтік-құқықтық акт жобаларын әзірледі, - деді вице-министр.

Әлия Шалабекова үй жануарларына асырауды реттеуге бағытталған НҚА жобаларын түсіндіріп берді. 

үй жануарларын ұстау мен серуендетудің типтік ережелері; үй жануарларын есепке алу ережелері; жануарларды тасымалдау ережелері; есепке алынатын үй жануарларының тізбесі; тұрғын үйлерде ұстауға тыйым салынған жануарлардың тізімі; жануар иесінің ерекше жауапкершілігін қажет ететін үй жануарларының тізімі.

2023 жылдың 1 қыркүйегінен бастап жануарлардың иелері үй жануарларын тіркеуі керек. Есепке алудың егжей-тегжейлі тәртібі тиісті ережелерде айқындалады. Есепке алу иелердің есебінен жүзеге асырылатынына назар аударған жөн. Ал халықтың әлеуметтік осал топтарына жататын азаматтарға бұл рәсімді мемлекет төлейді, - деп түсіндірді Экология министрлігі өкілі ОКҚ-да.

Сондай-ақ иттердің өз бетімен жүруіне заңмен тыйым салынады.

2021 жылы 30 желтоқсанда Президент биылдың 2 наурызынан бастап күшіне енетін «Жануарларға жауапкершілікпен қарау туралы» заңға қол қойған болатын.