Прямая трансляция

Астана

Астана

-17.03°C

«Еденінде тесік бар»: ШҚО әкімдігі 30 млн теңгеге не сатып алған?

ШҚО әкімдігіне қарасты «Таза Өскемен» ЖШС құны бір бөлмелі пәтермен тең модульді даретхана сатып алды, деп хабарлайды Paryz.kz, Halyk-uni.kz-ке сілтеме жасап.

«Еденінде тесік бар»: ШҚО әкімдігі 30 млн теңгеге не сатып алған?
Сурет: Mnews.kz

Бұл туралы «Әділдік жолы» республикалық қоғамдық бірлестігінің атқарушы директоры Дидар Смағұлов мәлімдеді.

«Өткен жылдың соңында әкімдікке қарасты «ТАЗА Өскемен» алты дәретхана жеткізу үшін 30 576 000 теңге төледі, бір дәретхана үшін 5 416 320 теңге. Бұл дәретханалар унитазсыз, бірақ генуя ыдысымен, яғни еденінде тесік бар. Әрқайсында біреуден», - деп жазды Дидар Смағұлов.

«Әділдік жолы» бірлестігі басшысының айтуынша, бірнеше орынға арналған мұндай конструкциялар шамамен 2 млн теңге тұрады. Ал Өскемен қаласында бір орындық кабиналар сатып алынған.

Сондай-ақ Дидар Смағұлов 5,5 млн теңгеге krisha.kz сайтынан бір бөлмелі пәтер тауып алуға болатынын айтып, бұл сатып алуға қатысты уәкілетті органға тиісті сұрау жіберетінін мәлімдеді.