Прямая трансляция

Астана

Астана

-4.03°C

Нұр-Сұлтан орталығындағы құрылыс неге кенеттен сүрілді?

Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі «сақалды» құрылыстың сүрілгені туралы видеғоға қатысты түсініктеме берді, деп хабарлайды Paryz.kz, turkystan.kz-ке сілтеме жасап. 

Нұр-Сұлтан орталығындағы құрылыс неге кенеттен сүрілді?
Сурет: Turkystan.kz

 

«Сарайшық көшесінің бойындағы бұл нысан «сақалды» құрылыс деп танылған болатын. Сондықтан оны сүріп тастау бойынша жұмыстар жүргізілді. Ғимарат құрылыс ережелерін бұза отырып салынған, ол ұзақ уақыт бойы қараусыз тұрғандықтан, нысанның қаңқасы да бүлінген. Ғимарат орналасқан жер телімі инвестордың қарауында», – деді әкімдіктің баспасөз қызметі.