«Жер көкке сыйғызбады»: Алматыдағы «танымал» бұқаны қайда апара жатыр?

Блогер Дәулет Төлеутайұлы Instagram-дағы парақшасында Алматыдағы жаппай тәртіпсіздіктер кезінде танымал болған бұқаның мүсіні Елордаға келе жатқан видеосын жариялады, деп хабарлайды Paryz.kzturkystan.kz-ке сілтеме жасап. 

Бейнежазбада бұқаның газель көлігінің жүк артқышында тиеліп, үсітіне салафан жабылып Нұр-Сұлтан қаласына кіріп келе жатқан сәті көрсетілген.

Мұны көрген желі қолданушылары:

«Жер көкке сыйғызбады ғой», «Орын таба алмай жүрген шығар», «Алматыдан көңлі қалдыма екен», «Жыр болған бұқа болды ғой», «Бұл бұқаның жүрмейтін жері жоқ екен» деп пікір қалдырды олар.