Әлеуметтік желіде кешеден бері қазақ қызының араб жігітке ұзатылып жатқан видеосы тарап жатыр. Бүгін күйеу баланың отқа май тамызып жатқан сәті пайда болды, деп хабарлайды Paryz.kz, turkystan.kz-ке сілтеме жасап.
Бейнежазбадан араб жігіттің қыздың үйіне қымбат көлікпен кіріп келгенін, оны қайын жұрты шашу шашып, жылы жүзбен қарсы алып және отқа май тамызғанын көруге болады.
Бұл бейнежазбаны көрген көпшілік түрлі пікір айтуда.
«10 млн теңгенің құдретті ай!», «Бастысы мұсылманғой», «Отқа май құю ол дұрыс емес. Ислам дініне қайшы келеді», «Калыңмалдың ставкасын көтерди. Енді қайттік» деп жазды олар.
Шетелдік күйеу бала қалыңмалға 10 млн теңге бергені белгілі.