Прямая трансляция

Астана

Астана

-6.03°C

«Өздері өкінетін болады»: Журналист түрмеге барған депутаттарды сынады

Журналист әрі қоғам белсендісі Сәуле Әбілдаханқызы Facebook-тегі парақшасында түрмеге барып күдіктілерге сұрақ қойған депутаттарды сынға алды, деп хабарлайды Paryz.kzturkystan.kz-ке сілтеме жасап.

«Өздері өкінетін болады»: Журналист түрмеге барған депутаттарды сынады
Сурет: facebook Сәуле Әбілдаханқызы

5 ақпанда Алматы облыстық «Жетісу» телеарнасында көрсетілген сюжетте депутат Берік Бекжанов Елбасының ескерткішін құлатқан жігіттен «Сізге түрмеде қысым көрсетіле ме? Олар күш қолдана ма? Мұнда емделіп жатырсың ба?» деп сұраған болатын.

Бұл сюжетті көрген журналист «Сондай сұрақ қоюға ұялмай ма?» деп оқырмандарына сұрақ қойды.

«Жалпы, олар СИЗО-да не істеп жүр? Күдіктілердің, қылмыскерлердің ең жақын туыстарын кіргізбейтін түрмеге депутаттарды кіргізетін болған ба? Әлде тергеушілер мен прокурордың міндеттерін депутаттар атқаратын болған ба? Депутаттардың өздері сол сұрақтарына өкінетін болады», деп жазған ол.