Прямая трансляция

Астана

Астана

-6.03°C

Талдықорғанда әскери билет "сатып алмақ" болған шенеунік ұсталды (ВИДЕО)

Ол пара ретінде 425 мың теңге ұсынған.

Талдықорғанда әскери билет "сатып алмақ" болған шенеунік ұсталды (ВИДЕО)
Фото: kznews.kz

Алматы облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет ҚР АШМ Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің "Республикалық ветеринариялық зертхана" ШЖҚ РМК Талдықорған өңірлік филиалының басшысына қатысты пара беруге оқталу фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеуді бастады, деп хабарлады paryz.kz.

"Ол 2020 жылғы 26 қазанда оған мүдделі тұлғаны әскери қызметке жарамсыз деп танығаны және тиісті әскери билет бергені үшін 425 мың теңге сомасында пара беруге оқталу бойынша күдіктенеді. Тергеу жалғасуда. ҚПК-нің 201-бабына сәйкес тергеу мүддесіндегі басқа да мәліметтер жария етуге жатпайды", - деп хабарлады сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет.