Прямая трансляция

Астана

Астана

-7.03°C

Түркістан облысында бойжеткен танысының атынан онлайн-несие алған

Жәбірленушінің деректерін пайдалана отырып, жас қыз оның атына 75 мың теңге сомасына онлайн-кредит рәсімдеді.

Түркістан облысында бойжеткен танысының атынан онлайн-несие алған
Фото: syrboyi.kz

Сарыағаш аудандық ПБ-ның кезекші бөліміне жергілікті тұрғын өзіне сенім артқан таныс адамның алаяқтық жолмен оның атына несие рәсімдегені туралы арызданды. Аталған жайтты полиция қызметкерлері ҚР ҚК-нің 190-бабы "Алаяқтық" бойынша СДТБТ-ға тіркеп, қажетті іс-шараларға кірісті, деп хабарлады paryz.kz, Түркістан облысы ПД-нің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"Қылмысты ашу мақсатында аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізді. Оған қоса, күдіктіні тұрғылықты жері бойынша ұстады. Тергеу аясында алаяқ танысына шотым бұғатталды деген сылтаумен жүгініп, оның банк картасын пайдалануға рұқсат сұрағанын анықтады. Осыдан кейін жәбірленушінің деректерін пайдалана отырып, жас қыз оның атына 75 мың теңге сомасына онлайн-кредит ресімдеді. Күдікті қолхатпен босатылды. Қазір полицейлер оқиғаның мән-жайын анықтап жатыр", – деді ведомстводан.

Сонымен қатар, Сарыағаш қаласының тәртіп сақшылары несие рәсімдеуге байланысты алаяқтықтың тағы бір жайтын анықтады. Жүргізілген жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде, олар күдіктінің ізіне түскен. Алаяқтың жәбірленушілерге келтірген шығыны шамамен 50 мың теңгені құрайды.

Қазіргі уақытта осы жайттар бойынша тергеу жұмыстары жүргізіліп, күдіктілердің басқа да ұқсас қылмыстарға қатысы бар-жоғы анықталуда.

"Түркістан облысының полицейлері азаматтарға қырағы болу және түрлі алаяқтардың айла-амалдарына бой алдырмау қажеттігін ескертеді. Бейтаныс адамдарға немқұрайлы қарамау, жеке деректермен және банк шоттарының құпия кодтарымен бөлісу қажет емес. Егер сіз осындай алаяқтық әрекеттердің құрбаны немесе куәгері болсаңыз, дереу полицияның 102 нөміріне хабарласыңыз", – делінген хабарламада.