Прямая трансляция

Астана

Астана

-5.03°C

Қарызы 260 млн теңгеден асқан компанияға қатысты іс аяқталды

Ішкі істер министрлігі тергеу департаментінің басшысы Санжар Әділов L-Capital компаниясына қатысты (қаржы пирамидасы) қылмыстық іс тергеліп біткенін мәлімдеді, деп хабарлайды Paryz.kz, Halyk-uni.kz-ке сілтеме жасап. 

Қарызы 260 млн теңгеден асқан компанияға қатысты іс аяқталды
Сурет: Ult.kz

Ішкі істер министрлігінің жетекшілігімен арнайы прокурорлар қызметі Нұр-Сұлтан, Шымкент қаласы және Атырау облысында «L-Capital» (Искандеров Г. И Жантелесова Т.) компаниясына қатысты қылмыстық істі қарады.

Компания салымшыларды бағалы қағаздарға инвестиция құюға шақырған. L-Capital компаниясы қызметінен 300-ден астам адам зардап шеккен. Келген шығын көлемі 260 млн теңгеден асып түсті (32 мың АҚШ доллары). Бүгінде қылмыстық іс соңына жетті. Қазір қатысы бар жандар іспен танысып жатыр.