Алматы полициясы аялдамада қарияны жуан таяқпен ұрып-соққан азаматты ұстады, деп хабарлайды Paryz.kz, «За нами уже выехали» телеграм каналына сілтеме жасап.
Ол 47 жастағы Алматы облысының тұрғыны болып шықты. Оның айтуынша, қария осыған дейін оның автокөлігін қиратқан.
Еске сала кетейік, әлеуметтік желілерде Алматыда орналасқан аялдамалардың жанында қарияны таяқпен ұрып жатқан видео тараған.