Прямая трансляция

Астана

Астана

-11.03°C

Қазақстанның ластану индексі 73,4%-ды құрайды

Қалалардың ластануы бойынша ең нашар елдер рейтингінде Қазақстан 115 елдің арасында 33-орынға жайғасты, деп хабарлайды Paryz.kzturkystan.kz-ке сілтеме жасап.

Қазақстанның ластану индексі 73,4%-ды құрайды
Сурет: Turkystan.kz

Energyprom.kz мониторингтік агенттігі жүргізген зерттеуге сенер болсақ, біздің еліміздің ластану индексі 73,4%-ды құрады. Индекс неғұрлым жоғары болған сайын жағдай да соғұрлым нашар болады. Ал қоршаған ортаны қорғауға бағытталған инвестициялар соңғы бір жылда бар-жоғы 4 пайызға өскен.

Ең ластанған елдердің рейтингінде Камерун, Моңғолия және Мьянма көш бастап тұр. Ал тізімді Финляндия 12,1 индексімен түйіндейді. Бұл – тізімдегі ең жақсы көрсеткіш.

Рейтингке қатысатын ТМД елдерінің ішінде Әзербайжанның көрсеткіші Қазақстаннан да нашарлау. Ал Молдова, Украина, Ресей, Армения және Беларусь мемлекеттерінің жағдайы бізге қарағанда біршама жақсырақ.

Өткен жылдың 12 айының қорытындысы бойынша қоршаған ортаны қорғауға бағытталған инвестициялар 4,3 пайызға, яғни 163,9 млрд теңгеге дейін өскен.