Прямая трансляция

Астана

Астана

-10.03°C

«Eurotransit Nur Zholy» ЖШС «Қазақстан халқына» қорына 450 млн теңге аударды

Алматы облысының көлік-логистикалық орталығы «Қазақстан халқына» қорына 450 млн теңге аударды, деп хабарлайды Paryz.kz,Baq.kz-ке сілтеме жасап.

«Eurotransit Nur Zholy» ЖШС «Қазақстан халқына» қорына 450 млн теңге аударды
Сурет: akchabar.kg

Алматы облысының Панфилов ауданында орналасқан «EUROTRANSIT NUR ZHOLY» ЖШС қорға 450 миллион теңге аударды. Бұл туралы облыс әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Кәсіпорынның негізгі қызметі астықты қоспағанда, азық-түлік емес тауарларды сақтау болып табылады. Жоба мемлекеттік-жекеменшік әріптестік негізінде жүзеге асырылды, жалпы аумағы 25 гектарды құрайды. 

ЖШС үш сегменттен тұрады: кеден-қойма, экспедиторлық-логистикалық және инфрақұрылымдық қызмет көрсету, бұл тауарлар алмасу көлемін, өткізу қабілетін және еліміздің көлік-логистикалық әлеуетін ұлғайтуға мүмкіндік береді.

2 ақпанда «EUROTRANSIT NUR ZHOLY» компаниясымен бірлесіп, тағы 6 ірі компания «Қазақстан халқына» қорының шотын 2,4 миллиард теңгеге толықтырды. Ал 3 ақпанда Қазақстан игілігіне кәсіпкерлер мен кәсіпорындардан қорға 1,2 млрд теңге аударылған. Салымшылардың тізімі қор сайтында тұрақты түрде жарияланады.