Прямая трансляция

Астана

Астана

-10.03°C

Қытайлық БАҚ Ақтөбедегі мектепшілік шара жайлы жазды

Қытайлық ресми ақпарат көздері Ақтөбедегі мектептердің бірі Қытай жаңа жылын атап өткенін хабарлады. Бұл туралы журналист, бірнеше жыл сол елде білім алған Ертай Нүсіпжанов өзінің Facebook парақшасында жазды. Оқушылар арасында ұйымдастырылған іс-шараға қатысты облыстық білім беру басқармасы пікір білдірді, деп хабарлайды Paryz.kz, Nur.kz-ке сілтеме жасап.

Қытайлық БАҚ Ақтөбедегі мектепшілік шара жайлы жазды
Сурет: Nur.kz

Ертай Нүсіпжанов Ақтөбе қаласындағы гуманитарлық-заң университеті жанындағы KAZGUU School мектебі Қытай жаңа жылын атап өткенін қытайлық ресми БАҚ-қа сілтеме жасап, желіде бірнеше фото жария етті.

Аталған мерекелік шара Қ.Жұбанов мемлекеттік университеті жанындағы Конфуций институтымен бірлесіп ұйымдастырылған. Оқытушылар мен оқушылар Қытай дәстүріне сәйкес арнайы киімдер киген. Олар қытайдың әдеби, көркем шығармаларына негізделген бағдарламаларды орындау арқылы қытай мәдениетіне деген махаббаттарын жеткізді, - деп жазды журналист.

Осы жайтқа қатысты Ақтөбе облыстық білім беру басқармасы пікір білдіріп, аталған іс-шараның болып өткенін растады.

Ведомствоның баспасөз қызметінің мәліметіне сәйкес, КазГЮУ мектеп-гимназиясында түрлі халықаралық деңгейдегі іс-шаралар өткізіліп тұрады.

Жаһандық азаматтықты қалыптастыру жоспарына сәйкес мектеп оқушылары іс-шараларға белсенді қатысып, дүниежүзілік бейбітшілікке, ұлттар достастығына өз үлестерін қосуда. Жаһандық азаматтықты қалыптастыру мақсатында мектеп әкімшілігінен, мұғалімдерден және оқушылардан тұратын жұмыс тобы құрылды. Аталмыш топ бірнеше айлар бойы әлемдік тәжірибені, жаһандық азаматтық және интернационализм, мәдениет ұштастығы бойынша халықаралық деңгейдегі қазақстандық мектептердің тәжірибесін зерттеумен айналысты. Кездесу барысында КазГЮУ мектебіндегі қытай ұлтының өкілдері өз елдерінің мәдениеті туралы қытай тілінде баяндады, Қытай мәдениетінің көрмесін ұйымдастырды, концерттік нөмірлер қойды. Халықаралық, интернационалдық іс-шаралар әлемнің жауапкершілігі мол, белсенді азаматтарын қалыптастыруға, ұлтжандылыққа, өзге ұлттарға құрметпен қарауға тәрбиелейді, - дейді облыстық білім басқармасы.