Прямая трансляция

Астана

Астана

-4.03°C

"Қазақстан халқына" қорына 120 млрд теңге аударылды

"Қазақстан халқына" қорының сайтында қайырымдылыққа қомақты сома аударғандар тізімі жарияланды, деп хабарлайды Paryz.kz, Abai.kz-ке сілтеме жасап. 

"Қазақстан халқына" қорына 120 млрд теңге аударылды
Сурет: Ehonews.kz

Қор сайтында Қазақстан халқына көмектескісі келетіндер қор шотына қаражат аудара алатыны, ол халықтың игілігі үшін жобалар мен даму бағдарламаларын іске асыруға бағытталатыны айтылған.

Заңды тұлғалар арасында ең көп сома аударғандар:

Eurasian Resources Group (ERG) - 30 миллиард теңге;
"HALYK Қайырымдылық қоры" ЖҚ - 12 миллиард теңге;
Болат Өтемұратов қоры - 10 миллиард теңге;
Kaspi Bank - 7 миллиард теңге және "Kaspi дүкен" ЖШС - 3 миллиард теңге;
Altyntau Kokshetau - 6,47 миллиард теңге;
KAZ Minerals Aktogay - 6,2 миллиард теңге;
KAZ Minerals Bozshakol - 6,2 миллиард теңге;
"Қазмырыш" - 5,855 миллиард теңге;
Kazakhmys Smelting - 5 миллиард теңге;
"Шығыстүстімет" - 3,1 миллиард теңге;
"Қазақстан Халық жинақ банкі" - 3 миллиард теңге;
"КаР-Тел" ЖШС - 2 миллиард теңге.

Компаниялардан басқа қорға жеке тұлғалар да ақша аударды. Ең көп сома аударғандар:

Данияр Әбілғазин - 500 миллион теңге;
Яков Цхай - 500 миллион теңге;
Тимур Турлов - 500 миллион теңге;
Диас Сүлейменов - 450 миллион теңге;
Дінмұхамет Ыдырысов - 300 миллион теңге.

Бүгінгі күнге дейін "Қазақстан халқына" қорына 120 млрд теңге қаржы келіп түскен.