Прямая трансляция

Астана

Астана

-8.03°C

«Қан мен тер» авторы дүниеден өтті

Белгілі жазушы Әбдіжәміл Нұрпейісов қайтыс болды, деп жазды Paryz.kzturkystan.kz-не сілтеме жасап.

«Қан мен тер» авторы дүниеден өтті
Сурет: Turkystan.kz

Бұл жайында Мәжіліс депутаты Жанарбек Әшімжанов Facebook-тегі парақшасында жазды.

«Классик жазушы, ІІ-Дүниежүзілік соғыстың ардагері, даңқты Әбдіжәміл ақсақал Нұрпейісов қайтыс болыпты. Иман байлығын берсін. Адамзаттың басынан өткен небір сұрапыл дәуірлерді тәнімен де, жанымен де сезінген Алып Жүрек ғасырға жақындап барып тоқтапты. Көрмеген көшесінен жарылқасын», – деп жазған Жанарбек Әшімжан.

Әбдіжәміл Кәрімұлы Нұрпейісов 1924 жылы 22 қазанда Қызылорда облысы, Арал ауданының Құланды поселкесінің Үшкөң ауылында дүниеге келген. Ол Қазақстанның халық жазушысы, XX ғасырда қазақ әдебиетіне зор үлес қосқан суреткерлердің бірі, қоғам қайраткері.

1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысы ардагері, Оңтүстік және Прибалтика майданында, Луганск түбінде миномёт ротасында саяси қызметкер, кейін штабист ретінде Балтық маңында Курляндия плацдармындағы шайқастарға қатысқан.

Нұрпейісов «Қан мен тер» трилогиясы, «Сең», «Соңғы парыз» және басқа да романдардың авторы.