Прямая трансляция

Астана

Астана

-6.03°C

Тексеруге өткізген соң "жоғалып кеткен" бала мәйітіне қатысты полиция түсінік берді

Сәби өлімінің себебі де аталды.

Тексеруге өткізген соң "жоғалып кеткен" бала мәйітіне қатысты полиция түсінік берді
Фото: medaboutme.ru

Алматы облысының полициясы нәрестенің өлімі және оның денесінің "жоғалып кетуі" оқиғасына қатысты ақпарат таратты, деп хабарлады paryz.kz.

Кейбір БАҚ өткен жылы 8 мамырда дүниеге келген шақалақтың бірнеше сағаттан кейін қайтыс болғанын хабарлады. Жас босанған әйелдің туыстары құжаттардағы қан тобы түзетілгенін және нәресте 7 мамырда, яғни тумай жатып ауырып қалды деп қате мәлімет көрсетілгенін айтты. Осыған байланысты ата-ана қайтыс болған өз баласы екендігіне күмәнданды. Сондықтан олар мәйітті эксгумациялауды талап етті.

Алматыдағы сараптама ешқандай нәтиже берген жоқ. Өткен қыста мәйіт Нұр-Сұлтанға жіберілген. Содан ол әлі кері қайтарылмаған. Давыдовтар отбасы ДНҚ-тест нәтижесін сол күйі алмады. Олар, сондай-ақ, өздеріне нәресте өлімінің себептері туралы ештеңе айтылмағанын алға тартты.

Полиция баланың мәйіті жоғалмағанын, оның туыстары зерттеу есебімен танысқаннан кейін тапсырылатынын хабарлады.

"Алматы облысының Полиция департаменті жүгінген Нұр-Сұлтан ХКБ мамандары сот-молекулалық-генетикалық сараптаманың қорытындысы бойынша В.В.Давыдова - қайтыс болған баланың анасы екендігінің 99.99999% ықтималдығы барын жеткізді. Жаңа туған нәресте өлімінің себебі туа біткен екіжақты пневмония, жүктіліктің 33 аптасында үзілуі және тіндердің жетілмеуінен болған. Сәбидің денесі туыстарына олар сараптама қорытындысымен танысқаннан кейін беріледі", - деп мәлімдеді Алматы облыстық ПД баспасөз қызметі.