Прямая трансляция

Астана

Астана

-6.03°C

Джеки Чан Бейжің Олимпиадасында: «Таңғы сағат төртте тұрдым»

Эстафетаның екінші күні құрметті қонақтар қатарында болған актер Джеки Чан Олимпиада алауын ұстап, Ұлы Қытай қорғанының үстімен жүріп өтті, деп хабарлады Paryz.kz, turkystan.kz-ке сілтеме жасап.

Джеки Чан Бейжің Олимпиадасында: «Таңғы сағат төртте тұрдым»
Сурет: Turkystan.kz

Эстафета кезінде оны Қытайдың бұған дейінгі қысқы Олимпиада жүлдегерлері қарсы алды.

«Мен таңғы сағат төртте тұрдым. Бұл менің төртінші Олимпиадам. Өте бақыттымын. Мен де тоңып қалдым!» — деді актер жүгіріп бара жатқан күйі әзілдеп.

Алау бірнеше спорт түрінен жарыс өткізілетін көршілес Хэбэй провинциясының Чжанцзякоу қаласына жолданды.

Ал Ашылу салтанаты Олимпиада алауын жағумен аяқталады. Олимпиада 4-20 ақпанда, ал Паралимпиада 4-13 наурызда өтеді.