Әлеуметтік желі қолданушылары алаяқтықтың жаңа түрі жайлы мәлімдеді. Олардың сөзінше, алаяқтар Kaspi Bank аударымдарының чегін бірнеше секундта жасай алады, деп хабарлайды Paryz.kz, Stan.kz - ке сілтеме жасап.
Жалған чек жасау үшін алаяққа бар болғаны аударым операциясы жасалған уақытты, ақша жіберілген адамның аты және соммасын Telegram-ботқа жіберсе жеткілікті.
Банкте алаяқтардың құрбаны болмау үшін ақшаның есепшотқа түскенін бірден тексеру қажет екенін айтты.
"Сатып алу, банкоматтан ақша шешу немесе мобильді аударымдар кезінде қосымшадағы "Хабарламалар" бөліміне ескертпе келеді. Барлық жүргізілген операциялар жайлы толық ақпаратты да қосымшадан көре аласыздар", - деді банктің баспасөз қызметіндегілер.
Банк қызметкерлері Telegram-ботты бұғаттау үшін барлығын жасайтындарын мәлімдеді.