Прямая трансляция

Астана

Астана

-7.03°C

300 мың теңге - қазақстандықтардың жиі қарызға алатын сомасы

Бүгінде елде қарыз өсімі көбеюде. Несие тарихының деректеріне сәйкес 3 миллион Қазақстандық қана банктерге қарыз емес, деп хабарлайды Paryz.kzStan.kz -ке сілтеме жасап.

300 мың теңге - қазақстандықтардың жиі қарызға алатын сомасы
Сурет: Paryz.kz

Бірінші несие бюросында ломбардтар мен микроқаржы ұйымдарының барлық ақпараттары сақталған. Мәліметтерге сүйенсек Қазақстандықтардың қарыздары өсуде. Өткен жылы бюро бөлшек қарыздар бойынша белсенді өсу шамасын 43 пайыз деп тіркеді. Елде тауарларды көп ала бастағандықтан, тұтынушылық қарыз сомасы 5 триллион теңгеге жеткен.

Бюроның мәліметінше, жалпы портфельдегі ипотекаға 3 триллион теңгеден астам қаржы тиесілі. Автонесиелеу триллион теңгеден асады. Өткен жылы автокөліктерді алу көрсеткіші 65 пайызға көп болған. Тек 3 миллионға жуық қазақстандық қана банктерге ештеңе қарыз емес. 

“Көбісі несиені орта есеппен бір жылға алады. Бөліп төлеу арқылы сома азайады, алайда несие саны көбейеді. Орташа тұтынушылық қарыз 300 мың теңгеден асады. Адамдар егер несие алса, оны ненің есебімен қайтара алатынын түсініп, шешім қабылдауы керек. Несиелердің тарихы қарыз жүктемесін реттеу бөлігінде жүретін болады”,-деді Алматы бірінші кредиттік бюросының атқарушы директоры Әсем Нұрғалиева. 

Несие тарихының нашарлауына байланысты Қазақстанда толығымен нөлге айналдыру мезанизмі жоқ. Ұйымның клиент тарихына қандай да бір өзгеріс енгізуге құқығы жоқ. Егер қате ақпарат пайда болса, деректер банк түзеткен кезде жаңартылады. Нашар несие тарихын жақсартудың тағы бір жолы жаңадан қарыз алған кезде тек соңғы бес жылдағы төлем тарихын ұсыну керек. Сол арқылы осы уақытқа дейін болған кешіктірулер банкке көрінбейтін болады.

Әсем Нұрғалиеваның айтуынша қарыз адам 90 күн кешіктіріп төлем жасағаннан кейін өзге несиелерін 12 айдай уақытымен өтеуі тиіс. Сол кезде оның несие тарихындағы қара тізім жойылады. Алайда басқа банктер осыған орай жаңа несие рәсімдеуден бас тартуға құқылы.

“Бұның барлығы банктердің өзіндік саясатына байланысты қарастырылады. Кейбір банктер тәуекел етіп, қауіпті клиенттерге қарыз беріп жатады. Ал кейбірі тек несиені уақытында төлей алатын жағдайдағылармен жұмыс істейді. Кейбір адамдар қарызымызды кешіктіріп төлесем де мемлекеттік бағдарлама бойынша алуға болатын несие берілмей жатыр деген сауалдарын жолдауда. Бұл бағдарламалардағы шарттар өте жоғары болады. Ол үшін соңғы екі жылда 180 немесе 90 күннен артық ешқандай кідіріс болмауы қажет”,-деп түсіндірді атқарушы директор.