Прямая трансляция

Астана

Астана

-4.03°C

Үйлердің құрылыс сапасы қатаң тексеріледі

Құрылыс және тұрғын үй-коммуалдық шаруашылық істер комитеті төрағасының орынбасары Алмаз Ыдырысов бұдан былай құрылыстың сапасы мен бағасы қалай реттелетінін түсіндірді, деп хабарлайды Paryz.kzҚазАқпарат-қа сілтеме жасап. 

Үйлердің құрылыс сапасы қатаң тексеріледі
Сурет: inbusiness.kz

Индустрия және финрақұрылымдық даму министрлігінің баспасөз қызметі ұсынған мәлімет бойынша, ведомство қоғам тарапынан құрылыстың сапасына айтылатын сындарды ескере отырып, саланы цифрландыруды қолға алып отыр.

Қоғамда «ғимараттарды салу 100 пайыз технологияны сақтап, норматвиктерге сай жүргізілмейді», «құрылыс маьериалдарының сапасы бақыланбайды» деген сын бар. Ал цифрландыру осындай тәуекелдерді азайтады, - деп жазылған министрліктің мәліметінде.

Соның аясында «Е-Құрылыс» жүйесі іске қосылмақшы Алмаз Ыдырысовтың айтуынша, «Е-құрылыс» жобасының өзі жобалық-сметалық құжаттан тұрады.

Ең бірінші ол жерге сараптамадан өткен жобалық смета енгізіледі. Бұл жүйе бірінші мемлекеттік нысандарда тексерістен өтеді. Ол жерде жалпы құрылыс сметасының шекті құны көрсетілгендіктен, жүйе бағаны асыруға жол бермейді. Мысалы, темірбетон құнын сметалық құжатта бір бағамен көрсетіп, төлеген кезде басқа бағаны қолдануға жүйе рұқсат етпейді. Е-құрылыс жүйесі барлық процестерді цифрландыруға мүмкіндік береді. Технологиялық жүйелілікті сақтай отырып, нормативтік құжаттарда көрсетілген тәртіпті қамтамасыз етеді, -дейді комитеті өкілі.

Еске салсақ, ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Қайырбек Өскенбаев Үкімет отырысында тұрғын үйдің қымбаттауына жол бермеу бағытындағы үш бағытта жұмыс жүріп жатқатқанын айтқан болатын. Соның бірі – осы Е-құрылыс жүйесі.