Прямая трансляция

Астана

Астана

-5.03°C

Astana Hub болашақ IT-мамандарды оқытуды қаржыландырады

Astana Hub бас директоры Мағжан Мадиевтің айтуынша, Tech Orda бағдарламасы Қазақстандағы бағдарламалау мектептерін қолдау және жаңа мектептерді ашуға ынталандыру мақсатында жасалған. Tech Orda бағдарламасын іске қосуға бастамашы болған Astana Hub Президент қойған жаһандық міндетті шешуге үлес қосуда, деп хабарлайды  Paryz.kz, Astana Hub баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Astana Hub болашақ IT-мамандарды оқытуды қаржыландырады
Сурет: Astana Hub баспасөз қызметі

2021 жылдың тамыз-қыркүйек айлары аралығында технопарк қызметкерлері бағдарламалау мектептеріне іріктеу жүргізді. Еліміздің әр өңірінен барлығы 21 өтінім келіп түсті. Нәтижесінде бағдарламаға 13 үздік ұйым қатысты, олардың ішінде 6 мектеп: Alem, Qwant, Up Skill, Animo, Code:Me және Шаг. Одан кейін Шаг және Decode мектебтерінің Алматыдағы филиалдары, сондай-ақ бір-бір мектептен Қарағанды, Шымкент, Ақтау, Семей және Орал қалаларында бар. Ұйымдастырушылардың айтуынша, мектептерді іріктеудің басты өлшемдері жұмыс тәжірибесі мен тиімділігі, яғни жұмысқа орналасқан түлектердің пайызы, сондай-ақ олардың табыс деңгейі болды. Жақында жұмыс істеп жатқан, бірақ өзінің келешегін дәлелдеген мектептер де бағдарламаға қатысу мүмкіндігіне ие болды.

Курс бағдарламасы Astana Hub айналысатын барлық басым секторларды қамтиды. Бұған веб-әзірлеу, 3D дизайн, бағдарламалық жасақтама және аппараттық құрал жасау және тағы басқалар кіреді. Оқыту әдістемесін, силлабусты мектептердің өздері әзірлейді. Оқыту мемлекеттік және орыс тілдерінде жүргізіледі.

Astana Hub бағдарлама кураторы ретінде бағдарламаның ашықтығы мен іске асырылу сапасын қадағалайды. Қаржыландыруды алған және оқуды бастаған сәттен бастап мектептер студенттердің үлгерімі туралы ай сайынғы есептерді жібереді. Ұйымдарды екінші лекке іріктеу кезінде технопарк алынған білімнің сапасын және жұмысқа орналасқан түлектердің пайызын ескеретін болады. Өз тарапынан технопарк болашақ бағдарламашыларды тек стартаптарда ғана емес, сондай-ақ Қазақстанның ірі IT-компаниялары мен корпорацияларында да жұмысқа орналастыруға жәрдем көрсететін болады. 2025 жылға қарай бағдарламаның арқасында 20 мың IT-маманды оқыту жоспарлануда.

Естеріңізге сала кетейік, 2021 жылғы Жолдауында мемлекет Президенті Қасымжомарт Тоқаев Үкімет алдына кемінде 100 мың білікті IT-кадр даярлау туралы міндет қойды. Мемлекет басшысының айтуынша, елімізге толық "цифрлық қайта жүктеу" қажет. Қазақстандық студенттердің сапалы цифрлық білім алу мүмкіндігі болуы үшін Astana Hub IT-стартаптар халықаралық технопаркі Tech Orda бағдарламасын іске қосты.