Прямая трансляция

Астана

Астана

-5.03°C

Ақмола облысында жоғалған 3 балықшының екеуінің денесі табылды

1978 жылы туған үшінші ер адамды іздеп жатыр.

Ақмола облысында жоғалған 3 балықшының екеуінің денесі табылды
Фото: inform.kz

Ақмола облысының Астрахан ауданында жоғалған үш балықшының екеуінің денесі табылды, деп хабарлады paryz.kz, Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ведомствоның ресми өкілі Талғат Уәлидің мәліметінше, балық аулауға шыққан үш дос ұшты-күйлі жоғалып кеткен. Кейін жағадан бір шақырымдағы қамыс арасынан төңкерілген металл қайық табылды.

Оқиға Ұзынкөл ауылдық округінің аумағындағы Баршын көліне жақын тұста болған. Іздестіру жұмыстары барысында 1981 және 1976 жылы туған екі ер адамның денесі табылды, 1978 жылы туған үшінші ер адамды іздеп жатыр.

"Мұз астынан балық аулаушылар жеке құтқару құралы болған кезде ғана балық аулағаны жөн. Егер сіз қайықта балық немесе аң ауласаңыз, онда ол техникалық жағынан жақсы, су төгетін және құтқару құралдарымен жабдықталған болуы керек. Қайықта міндетті түрде құтқару кеудешесін кию және ешқандай оқыс қимыл жасамау, қайықтың шетіне еңкейіп тұрмау, жүрмеу қажет", –  дейді ведомство өкілі.

Сонымен бірге, ТЖМ күзгі-қысқы кезеңде су айдындары жұқа мұзбен жабылатынын және оған мұз астынан балық аулауды жақсы көретін балықшылар шығып, өз өміріне қауіп төндіретінін еске салды.