Прямая трансляция

Астана

Астана

-6.03°C

10 шақты адвокат "Қаңтар қасіреті" бойынша қамауға алынғандарды босатумен айналысуда

"Қаңтар қасіреті" бойынша қамауда отырған 36 адамды босаттық – Аманат комиссиясы. Бұл туралы Аманат қоғамдық комиссиясының төрағасы, адвокат Абзал Құспан Алматыда өткен баспасөз мәжілісінде айтты, деп хабарлайды Paryz.kz, Baq.kz-ке сілтеме жасап. 

10 шақты адвокат "Қаңтар қасіреті" бойынша қамауға алынғандарды босатумен айналысуда
Сурет: baq.kz

Адвокат ұсталғандар ҚР ҚК 272 бабымен қаралатынын айтып, бұл бапты түсіндіріп өтті.

272 бап үш бөлімнен тұрады. Бірінші бөлімі ол ұйымдастырушыларға қатысты көзделген, екіншісі қатысушыларға қатысты жаза көзделген, ал үшіншісі арандатушыларға қатысты. Біз негізінен 272 баптың 2 бөлімімен ұсталған азаматтарға басымдық беріп отырмыз әрі ұсталғандардың басым көпшілігін солар құрайды. Яғни белгісіз адамдардың сөзіне еріп, арандап қалғандар, - деді ол.

Сонымен қатар ол осы сәтке дейін қамауда отырған 36 адамның шығуына ықпал еткендерін айтты. Бұл адамдардың басым көпшілігі оқ тиіп және өзгеде түрлі жарақат алған адамдар екен.

Біз тағы 60 адамның қамаудан шығуына ұсыныс жасадық. Негізінен жаралы адамдардың тізімін алып, олардың ісімен танысып, жеке жүздескен соң прокуратураға ұсыныс береміз. Яғни үй жағдайында емделуге жағдай жасау керектігін алға тартып отырмыз. Бұл жерде ол адамдардың жазықты, жазықсыздығына қарамастан гумандық танытуымыз керек. Жазылып болған соң өздеріне тиісті жазасын ала жатар, - деді Абзал Құспан.

Оның айтуынша, Аманат комиссиясының құрамында қазір 10 шақты адвокат бар. Комиссия ертең Талдықорған қаласына, кейін оңтүстік өңірлерді аралап, сондағы қамауда отырған адамдардың жағдайымен айналыспақ.