Прямая трансляция

Астана

Астана

-6.03°C

Тоқаев айтып қалған Гегель мен Бабель «жырға» айналды

Мемлекет басшысының мәлімдемесінен кейін "Гегель" және "Бабель" сөздері Қазақстандағы ғаламтордың іздеу жүйесінде алға шықты, деп хабарлайды Paryz.kz.

Тоқаев айтып қалған Гегель мен Бабель «жырға» айналды
Сурет: massaget.kz

"Гегельді Бабельмен шатастыратын, арнайы білімі жоқ адамдар бар, бірақ олардың қолдарына үлкен бизнес тиесілі. Керісінше, білімді, арнайы курстарды бітірген адамдар бизнес көздеріне, несие ресурстарына және т.б. қол жеткізе алмай отыр", - деген еді Президент.

Мемлекет басшысының мәлімдемесінен кейін "Гегель" және "Бабель" сөздері Қазақстандағы ғаламтордың іздеу жүйесінде алға шықты. 

Назарларыңыз Гегель мен Бабель жайлы massaget.kz -дереккөзінен алынған нақты ақпарат ұсынамыз.

Георг Гегель – неміс философы және ойшылы

Георг Вильгельм Фридрих Гегель 1770 жылы 27 тамызда Штутгарт қаласында жоғары лауазымды шенеуніктің отбасында дүниеге келген. Ол бірінші дәрежелі білім алған. Гегельдің әкесі баласын оқыту үшін ақшасы мен күшін аямаған.

Гегель мектепті жақсы көрді және сыныптағы ең жақсы оқушы саналды.

1788 - 1793 Тюбинген теологиялық университетiнің философиялық және теологиялық курстарын тыңдап, магистрлiк диссертациясын қорғады. Өз курстастарынан ішінде Шеллингпен және Гельдерлинмен тату болды. Олармен бірге Француз төңкерiсiнiң идеясымен шұғылданған студенттiк саяси клубтiң мүшесi болды.

1793 жылы дін ілімі кандидатының толық курсын аяқтау барысында Гегель жақсы қабілетті болғанымен, басқалардан ешқандай айырмашылығы жоқ, сөзде озат емес те, философияның мұғалімі атала алады деген аттестат алған.

Алғашында Гегель тәрбиеші болып, ауқатты азаматтардың балаларын оқытты. Алайда, кейінірек жас жігіт әкесі қайтыс болғаннан кейін алған мұрасы оған әртүрлі неміс университеттерінде академиялық қызметке көңіл бөлуге мүмкіндік берді. Йена, Гейдельберг, Берлин қалаларында жұмыс істеді. Гегель 1831 жылы Берлинде тырысқақ эпидемиясы кезінде қайтыс болды.

Гегель неміс классикалық философиясының ең жарқын өкілі болып саналады. Оның шығармалары философиялық ойдың шыңына жатады және ғылымның негізі мен іргетасы ретінде қазіргі университеттерде оқытылады. Ол неміс философы, неміс классикалық философиясының және романтизм философиясының негіздеушісі,  Йоһанн Готтлиб Фихте және Фридрих Вильгельм Йозеф Шеллингпен бірге неміс идеализмінің негізін қалаушы саналады.

Исаак Бабель – КСРО жазушысы

Исаак Бабель 1894 жылы 12 шілдеде Одессада еврей көпесінің отбасында дүниеге келген. Ол 1913 жылы оқу кезінде өзінің алғашқы «Көне Шлойме» атты шығармасын жариялады. Шағын әңгіме ұлының шоқыну рәсімінен өту туралы шешіміне шыдай алмай өз-өзіне қол жұмсаған кәрі жартылай ессіз еврейдің трагедиясын қысқаша суреттейді.

1918 жылы Бабель Бірінші дүниежүзілік соғысқа қатысып, сол жерден қашып, Петроградқа оралып, ЧК-ның шетел бөліміне аудармашы болып жұмыс істейді. Осы кезеңде оның өмірбаяндары «Новая жизнь» газетінде жарияланып, 1920 жылы Бабель әскери тілші ретінде Азамат соғысының қатысушысы бола алды.

Осы уақыттағы естеліктер КСРО-дағы Бабельдің ең танымал шығармасы - «Конармия» әңгімелер жинағының негізі болды.  «Конармия»1920 жылы жарияланды.

1920 жылдардың ортасында Бабель өзінің екінші үлкен жұмысы – Одесса хикаялары циклімен жұмыс істей бастады, ол оқырманға қарақшы Мишка Япончик – Беня Криктің әдеби нұсқасын ұсынды.

Ол бірқатар сценарийлердің авторы. 1925 жылы шілдеде «Тұз» сценарийін жазды (өзінің аттас әңгімесі бойынша). Одан кейін «Еврей бақыты» (1925), «Қаңғыбас жұлдыздар» (1926), «Беня Крик» (1927), «Қытай диірмені» (1928), «Ұшқыштар» (1935) фильмдерінің сценарийлері жазылды.

Бабель сонымен қатар Николай Островскийдің «Болат қалай шыңдалған» романының және Всеволод Багрицкийдің «Опанас туралы ой» поэмасының фильмге бейімделуімен жұмыс істеді. 1935 жылы Сергей Эйзенштейнмен бірге «Бежін шалғыны» картинасының сценарийін жазды, кейін ол «идеологиялық теріс» деп тыйым салынып, жойылды.

1939 жылы мамырда Бабель сол кездегі стандартты айыппен – антисоветтік және террористік әрекетпен қамауға алынды. 1940 жылы қаңтарда атылды.