ШҚО-да блокбекеттер қайта орнатылатын болды

100 мың тұрғыны бар елді мекеннің көрсеткіші республикалық деңгейден асып, 683,6-ны құрады.

ШҚО-да блокбекеттер қайта орнатылатын болды
Фото: qazweek.kz

Соңғы тәулікте Шығыс Қазақстан облысында коронавирус инфекцияның 139 жағдайы анықталды, деп хабарлады paryz.kz.

100 мың адамы бар елді мекеннің көрсеткіші республикалық деңгейден асып, 683,6-ны құрады.

"Аймақтың эпидемиологиялық ахуалының нашарлауының негізгі себептері тұрғындар мен кәсіпкерлік субъектілердің эпидемияға қарсы шектеу шараларын сақтамауы, сонымен қатар, көрші мемлекеттерден жолаушылар мен жүк тасымалдарының үздіксіз келуі болды", - деді Шығыс Қазақстан облысы Тауарлар мен қызметтердің сапасын және қауіпсіздігін бақылау департаменті директорының міндетін атқарушы Талғат Тұңғышбаев.

Осыған байланысты, Үкіметпен келісе отырып, 2020 жылдың 1 қарашасынан бастап Шығыс Қазақстан облысының сыртқы шекараларына блокбекеттер орнату қарастырылады.

"Қазіргі эпидемиологиялық жағдайда облыс басшылығы Өскемен қаласы мен облыс тұрғындарының қалыпты өмір сүруін қамтамасыз ету үшін барлық қажетті шараларды қабылдайды. Кәсіпорындар, азық-түлік дүкендері, дәріханалар, банктер, халыққа қызмет көрсету орталықтары жұмыс істейді. Біз бизнесті енгізілген карантиндік шаралар салдарынан барынша қорғауға тырысамыз", - деді ол.

Жаңа жарлық мәтіні жақын уақытта жарияланады.