Прямая трансляция

Астана

Астана

-11.03°C

Түркістанда 25 жылға адасқан азамат бастан не кешіргенін айтты

Түркістан облысы ПД Криминалдық полиция басқармасының қызметкерлері жедел әрекет етіп, бір күннің ішінде бір-бірін 25 жыл көрмеген бауырларды қауыштырды, деп хабарлады Paryz.kz, turkystan.kz-ке сілтеме жасап.

Түркістанда 25 жылға адасқан азамат бастан не кешіргенін айтты
Сурет: Turkystan.kz

Полиция қызметкерлеріне хабарласқан жергілікті тұрғын Төлеби ауданындағы ауылдардың бірінде белгісіз азаматтар жас жігітті құлдықта ұстап отырғаны туралы хабар берген. Аталған жайтты полицейлер ҚР ҚК-нің 126-бабы («Заңсыз бас бостандығынан айыру») бойынша тіркеді.

Ақпарат алысымен департамент қызметкерлері барлық қажетті тергеу әрекеттерін шұғыл атқарып, жәбірленушіге көмек көрсеткен.

Полицейлер жәбірленушінің ата-анасы кішкентай кезінде қайтыс болғанын, содан ол балалар үйінде, кейіннен интернатта тәрбиеленгенін анықтаған. Ер жеткен соң, 10 жыл бойы облыс аудандарындағы түрлі шаруашылықтарда жалдамалы жұмысшы болған және жұмыс берушілер тарапынан азап көргені белгілі болды. Сондай-ақ жас жігіттің есінде өзінің жақын туыстары мүлдем сақталмаған екен.