Прямая трансляция

Астана

Астана

-6.03°C

Құдайбергеновтер жұбы Мәдениет басқармасының талабымен келіспей отыр

Қазақстанның Еңбек сіңірген әртісі, «Құрмет» орденінің иегері Қанат пен Айткүл Құдайбергеновтер елден араша сұрап отыр. Әншілер 45 жылға жуық жұмыс істеген орнынан «зейнеткер» деп қуғынға ұшырағанын айтып отыр. Бұл туралы Құдайбергеновтер жұбы Facebook әлеуметтік желісіндегі парақшасында жазды, деп хабарлайды Paryz.kz, turkystan.kz-ке сілтеме жасап.

Құдайбергеновтер жұбы Мәдениет басқармасының талабымен келіспей отыр
Сурет: Turkystan.kz

Біз Алматы облыстық Сүйінбай атындағы филармонияда 45 жылға жуық жұмыс істеп келеміз. Еңбегіміз еленіп, мемлекеттік марапат та алдық. Енді облыстық Мәдениет басқармасы мен филармония басшылары бізді жұмыстан шығарып, киелі сахнаны босатыңдар деген талап қойып отыр. Сіздердің пікірлеріңіз қажет болып тұр. Нұрғали ағамыз, Бибігүл апайымыз, басқа да сахна саңлақтары әлі күнге дейін өз ұжымында жұмыс істеп, өнерін паш етіп жүр, - деп жазды өнер иелері.


Қазір Алматы облыстық Сүйінбай атындағы филармонияда 4-5 республикаға еңбек сіңірген өнер қайраткері қалған екен. Фонограммасыз жанды дауыспен ән орындайтын аға буын өкілдері әлі де жастарға үйретеріміз көп дейді.


Бәрімізді зейнеткер деп сахнадан қуып шығу әділдік пе? Кейінгі өнерлі жастарға беткеұстар, облысымыздың мақтан тұтар өнер тарландары деп үлгі етудің орнына, сахнадан кетіңдер дегені қаншалықты дұрыс деп ойлайсыздар? Бәріміздің кәсіби деңгейіміз жоғары. Фонограмма қолданбаймыз, халық үшін сағаттап ән салып, күй тартуға бармыз, – деп жазды Құдайбергеновтер жұбы.