Прямая трансляция

Астана

Астана

-6.03°C

Алматы метросындағы пранк немен ақталуы мүмкін?

Алматы полициясы метро мен сауда орталығында пранк үшін видео түсірген азаматты анықтау мақсатында іздестіру жұмыстарын бастады, деп хабарлайды Paryz.kz, ҚазАқпарат-қа сілтеме жасап

Алматы метросындағы пранк немен ақталуы мүмкін?
Сурет: Tengrinews.kz

Желіде жарияланған бірінші видеода ер адам телефон арқылы біреумен айқайлап сөйлесіп, мәселе шешіп жатады. Ал екіншісінде оның қаладағы сауда және ойын-сауық орталықтарының біріндегі эскалаторға шығып алғанын көруге болады.

"Құқық бұзушыны анықтау үшін тиісті тексеру жұмыстарын бастадық. Мән-жайды анықтау Бостандық аудандық полиция басқармасы қызметкерлеріне жүктелді. Қабылданған шаралардың нәтижелері қосымша жарияланатын болады", - деп жазды қалалық полиция департаменті басшысының орынбасары Рустам Әбдірахманов Instagram-дағы парақшасында.

Еске салайық, өткен жылы күзде үш жас жігіт Алматы метросының жолаушыларына пранк жасаған болатын. Олар музыка колонкасының көмегімен әуенді қатты қойып, азаматтардың наразылығын тудырған. Тағы да оқыңыздар.