Елімізде алғашқы онлайн-университеттер ашылады. Бұл туралы Білім және ғылым министрлігінің кеңейтілген алқа отырысында Қуаныш Ерғалиев хабарлады.
Оның сөзінше, БҒМ жоғары білім беру жүйесіне оқытудың жаңа құралын енгізуді жоспарлап отыр.
«Онлайн-оқу» білім алудың жаңа форматына айналады. Елімізде алғашқы онлайн-университеттер ашылады. Жалпы, жоғары оқу орындарында білім алу үшін гранттар саны 5 мыңға артады, олардың 60%-ы техникалық мамандықтар бойынша бөлінеді, - деп атап өтті вице-министр ведомствоның алқа отырысында.
Сондай-ақ Қуаныш Ерғалиевтің айтуынша, елімізде «Болашақ» бағдарламасын қайта қарастыру бойынша жұмыс басталды.