Прямая трансляция

Астана

Астана

-9.03°C

Өзі түскен порнографиялық видеоны 7 мың теңгеден сатқан қарағандылық ұсталды

Қазір оның серіктесі іздестіріліп жатыр.

Өзі түскен порнографиялық видеоны 7 мың теңгеден сатқан қарағандылық ұсталды
Фото: Polisia.kz

Қарағандылық полицейлер әлеуметтік желілерде порнографиялық видео таратқан азаматшаны ұстады. Бұл туралы Polisia.kz хабарлады.

Қарағанды облысының ПД Криминалдық полиция басқармасының қызметкерлері әлеуметтік желілерге мониторинг жүргізіп, Инстаграм және Телеграм желілерінде порнографиялық материал жариялау фактісін анықтады. Видеолар тек Қазақстанда емес, басқа да мемлекеттерге тараған.  

"Hi-tech" шарасы барысында бейнежазбаның авторы анықталды. Ол Қарағанды қаласының тұрғыны болып шықты. Бір топ адаммен видео түсіріп, әлеуметтік желі арқылы сатып отырған. Онда бейнежазба бағасы да жарияланған. Мәселен, 5 минуттық интимдік бейнежазба 7 мың теңгеге бағаланса, алдын ала тапсырыс бойынша түсірілетін бейнежазба 17 мың теңге болған. Ал басты рөлдегі әртісіне интимдік кездесу үшін 300 АҚШ долларын төлеп отырған", - делінген хабарламада.

Күдікті 27 қазан күні ұсталды. Заңға қайшы әрекетіне байланысты айғақ заттар тәркіленді. Аталған факт бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 311-бабына ("Порнографиялық материалдарды немесе заттарды заңсыз тарату") сәйкес қылмыстық іс қозғалып, тергеу амалдары жүргізілуде. Оның серіктесі де іздестіріліп жатыр.