Прямая трансляция

Астана

Астана

-6.03°C

Астанада есірткі сатумен айналысатын қылмыстық топ құрықталды

Тінту кезінде 2 миллион 150 мың теңге сомасындағы ақша, өткізу үшін дайындап қойған ішінде гашишы бар 3 полиэтилен пакет және 265 дана ішінде есірткі заты бар өлшеніп, оралған сіріңке қораптары табылған.

Астанада есірткі сатумен айналысатын қылмыстық топ құрықталды
Фото: novostipmr.com

Елорда аумағында арнайы операция барысында есірткі өткізумен айналысатын қылмыстық топ ұсталды, деп хабарлады paryz.kz, Астана қаласының Полиция департаментіне сілтеме жасап.

Бұл ретте, бұрын есірткі қылмысы үшін сотталған 27 жастағы күдікті қолға түскен. Оның автокөлігін тінту барысында өлшеп, орап өткізу үшін дайындап қойған, жалпы салмағы 500 грамнан асатын, ішінде гашишы бар сіріңкенің корапшалары табылған.

Сонымен қатар, полицейлер елордаға есіркі затын негізгі жеткізуші болып табылатын сыбайлас адамды ұстады. Ол бұрын сотты болған 34 жастағы Жамбыл облысының тумасы болып шықты. Оның пәтерін тінту барысында оқ-дәрілері бар тіркелмеген жарақаттағыш қару, электронды таразы және есірткі затын пайдалануға арналған құрылғы тәркіленді. 2 миллион 150 мың теңге сомасындағы ақша қаражаты, өткізу үшін дайындап қойған ішінде гашишы бар 3 полиэтилен пакет және 265 дана ішінде есірткі заты бар өлшеніп, оралған сіріңке қораптары табылған.

Қазіргі таңда тергеу жұмыстары жүргізілуде.