Прямая трансляция

Астана

Астана

-4.03°C

Шетелдік студенттер үшін медициналық қызметтер тегін болмақ

Ал қазақстандықтар міндетті медициналық сақтандыру аясында ғана медициналық қызметтерді тегін алады.

Шетелдік студенттер үшін медициналық қызметтер тегін болмақ
Фото: www.forumdaily.com

Шетелдік жоғары оқу орындарына өз бетінше оқуға түскен, ал қазір қашықтан оқып жатқан қазақстандық студенттер Білім және ғылым министрлігіне өтініш білдіріп, медициналық қызметтерді тегін алу бойынша көмек көрсетуді сұраған болатын, деп хабарлады paryz.kz, БҒМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ендігі кезекте бұл студенттер де қазақстандық жоғары оқу орындарының студенттері сияқты МӘМС шеңберінде медициналық көмекті тегін алатын болады. Студенттер сақтандыру жүйесіндегі өз мәртебесін растау үшін "электрондық үкімет" порталында тіркеуден өтулері қажет. Кейін білім алушыға қатысты мәліметтер Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі мен Денсаулық сақтау министрлігіне жолданады. Нәтижесінде, студенттер МӘМС шеңберінде жеңілдіктер санатына енгізілетін болады.

"Студенттер өтініштерін министрдің блогына да жолдады. Біз бірден олардың "электрондық үкімет" порталы арқылы тіркелуі үшін қажет жағдай жасадық. Осылайша, 10 күннің ішінде "Шетелде оқитын студенттерді тіркеу" қызметін 250-ге жуық адам пайдаланған. Ендігі кезекте олар медициналық қызметтерді тегін ала алады" деп жазды Білім және ғылым вице-министрі Р.Биғари Facebook-тегі парақшасында.

Қазақстандық оқушылар мен студенттер міндетті медициналық сақтандыру аясында медициналық қызметтерді тегін алатынын естеріңізге сала кеткен жөн.