Прямая трансляция

Астана

Астана

-5.03°C

Тыйым салынған діни әдебиет таратқан 15 адам жауапқа тартылды

Оларға миллион теңгеден астам әкімшілік айыппұл салынды.

Тыйым салынған діни әдебиет таратқан 15 адам жауапқа тартылды
Фото: Яндекс.Дзен

Ағымдағы жылдың басынан бері Түркістан облысы ПД-нің қызметкерлерімен діни мазмұндағы тыйым салынған материалдарды заңсыз таратқаны үшін 15 жергілікті тұрғын әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Сот құқық бұзушыларға қатысты миллион теңгеден астам әкімшілік айыппұл салды, деп хабарлады paryz.kz, Түркістан облысы ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Мысалы, Түркістан облысы ПД экстремизмге қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері әлеуметтік желілерге мониторинг жүргізу барысында "ВКонтакте" қолданушыларының бірінің парақшасынан діни сипаттағы тыйым салынған материалды тапты. Нәтижесінде, сот шешімімен Сайрам ауданының тұрғынына діни мазмұндағы тыйым салынған материалдарды таратқаны үшін ҚР ӘҚБтК 490-бабының 3-бөлігі "Қазақстан Республикасының Діни қызмет және діни бірлестіктер туралы заңнамасын бұзу" бойынша 194 460 теңге әкімшілік айыппұл салынды.

Әрі қарай, ғаламторды бақылау кезінде тыйым салынған деструктивті діни ағымның идеологиясын таратқан "ВКонтакте" әлеуметтік желісін пайдаланушының парақшасы полиция қызметкерлерінің назарын аударды. Онда аудиожазбалар мен дәрістерде елдің тұтастығын бұзуға, мемлекет қауіпсіздігіне нұқсан келтіруге және алауыздықты қоздыруға үгіт-насихаттар жүргізілген. Сот қаулысымен Түркістан қаласының тұрғыны ҚР ӘҚБтК-нің 453-бабы 2-бөлігі "Қазақстан Республикасының аумағында бұқаралық ақпарат құралдарының өнімін, сол сияқты өзге де өнімді дайындау, сақтау, әкелу, тасымалдау, тарату" бойынша кінәлі деп танылып, 55 560 теңге әкімшілік айыппұл салынды.

Өз кезегінде Түркістан облысының полицейлері азаматтарға әкімшілік және қылмыстық жауапкершілік қарастырылғанын ескертеді. Егер сізде осындай қылмыстар туралы қандай да бір ақпарат болса, дереу полицияға хабарласыңыз.