Прямая трансляция

Астана

Астана

-10.03°C

Жаңа жыл - жаңа белестерді бағындыратын уақыт

Еліміз бойынша барлық өңірлерде жаңа жылға қызу дайындық басталып жүріп жатыр. Тұрғындар мен келген қонақтарға мерекелік көңіл-күй сыйлау үшін жаңа жылдық сәулет мүсіндері орнатылуда.

Жаңа жыл - жаңа белестерді бағындыратын уақыт

Ал орталық алаңындарда бас шыршалардың шамдары жағылды. Солтүстік Қазақстан облысы Қызылжар ауданы да тыс қалмады. 25 желтоқсан күні сағат 19.00-де ауылдық округтерде бас шыршалардың шамдарын салтанатты түрде жағу рәсімдері өтті. Мерекеге Аяз ата, Ақшақар және келе жатқан жаңа жылдың символы – барыс қатысты. Олар көрермендерге көтеріңкі көңіл күй сыйлап, би билеп, ән айтты.

Айта кететін жайт, жыл соңы Қызылжар ауданының тұрғындары үшін шараларға қанық болды. Мысалы, Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігінің 30-жыдығын тойлау мақсатында ұйымдастырылған жоспар бойынша ауданда 16 қарашадан бастап әр түрлі жиындар, мекерелік концерттер, сайыстар өткізілді. Олар отансүйгіштік қасиетті қалыптастырып, ауыл тұрғындары арасындағы сыйластық пен достық қарым-қатынасты күшейтуге бағытталды. Жалпы 2040 адамды қамтыған 51 іс-шара өтті.

Сонымен қатар, желтоқсан айында Петерфельд ауылында көптен күткен ауыл клубы ашылды. Клуб мемлекеттік-жекешелік әріптестік шеңберінде ашылды.

Салтанатты ашылу рәсіміне аудан әкімі Жанат Сәдуақасов қатысты. Ол өз алғыс сөзінде, ауылдағы жаңа мәдениет үйінің ашылуы маңызды мәдени оқиға екенін атап өтті.

Бұдан басқа, барлық меншік нысанындағы ұйымдардың басшылары халықтың әлеуметтік осал топтарына 341 мың теңгеден астам сомаға, оның ішінде 82 жалғыз тұратын қарттар мен мүгедектерге 222 мың теңгеден астам сомаға қайырымдылық көмек көрсетті. Бұл жұмыс қазір де жалғасуда.

Желтоқсан айында Нұр-сұлтан қаласында Мемлекет басшысының, Үкімет мүшелерінің, Қазақстан Республикасы Парламенті депутаттарының қатысуымен "Парыз"конкурсының лауреаттарын салтанатты марапаттау рәсімі өтті.

Шағын және орта бизнес субъектілері арасында "Үздік ұжымдық шарт" номинациясында "Молсервис" ЖШС (Қызылжар ауданы, директоры — Жаныбеков Серикбай Айсерекович) 2 орын алды.

Жалпы ауданда 18 сүт-тауар фермасы бар, оның 50% - ы заманауи сүт кешендері. Петерфельд және Березовка ауылдарында тағы 2 кешен ашу жоспарлануда (Березовка ауылында "RichNomadNord" ЖШС 600 басқа арналған сүт тауар кешені және "Петерфельд-Агро"ЖШС 600 басқа арналған сүт-тауар фермасы). Мұндай фермалардың ашылуы сүт өндірісін 10% - ға арттыруға мүмкіндік береді және 45-тен астам жұмыс орнын ашады.

Архангельское ауылындағы "ЕР Агро" ЖШС элеваторының және Новокаменка ауылындағы "Жаңа құс" ЖШС ет бағытындағы құс фабрикасының құрылыстары аяқталуға жақын.

Тұрғын үй құрылысы саласында да жақсы жаңалықтар бар. Биыл Бескөл ауылында екінші бес қабатты тұрғын үйдің құрылысы басталды, оның арқасында кезекте тұрғандардың 15% - ы тұрғын үймен қамтамасыз етіледі.

Соңғы екі жыл бүкіл әлем үшін қиынға соқты. Дегенмен де, мемлекеттік органдардың жүйелі жұмысының арқасында еліміз барлық салаларда өз көрсеткіштерін сақтай отырып, жаһандық қиындықтарға төтеп бере алуға мүмкіндіктеріміз бар екенін көрсетті.